- Advertisement -

Тірлігі тиянақтыға тапсырыс көп

112

- Advertisement -

Тараздағы белгілі кәсіпкер Әлімбек Жұмабаев басқаратын «Альтайс групп» компаниясы белгіленген міндетті уақтылы әрі сапалы орындау үшін бірнеше еншілес кәсіпорын құрған. Олар өз салалары бойынша аянбай еңбек етіп, облыс экономикасын өркендетуге өз үлестерін қосуда. Солардың бірі – «ТаразҚұрылысИнвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл ұжым негізінен облыс көлемінде құрылыс жұмыстарымен айналысады. Аз уақыт ішінде аймақтағы елді мекендерде көптеген жұмыстар атқарып, көпшіліктің көңілінен шығуда. Атап айтқанда, серіктестік кейінгі екі-үш жылда Тараз қаласындағы Қант зауыты аумағында 320 орындық балабақша, Қордай ауданы, Масаншы ауылында 825 орындық, Кенен ауылында 600 орындық мектеп құрылысын бітіріп, пайдалануға берді. Өткен жылы Меркі ауданында 300 орындық мектеп құрылысын бітіріп, 250 келушіге арналған емхана құрылысын бастаған болатын. Оның да құрылысы аяқталуға аз уақыт қалды. Бұл ұжымның Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасына қосқан үлкен үлесі деп білеміз.
Өткен жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Тараз қаласына жаңадан қосылған Құмшағал аймағында, Байзақ ауданы Түймекент аулында су жүйелері құрылысы толығымен аяқталып, ауыл тұрғындары ауызсумен қамтамасыз етілді. Жаңатас қаласы бойынша да жыл аяғына дейін қала тұрғындары толығымен таза ауызсуды пайдаланатын болады. Тараз қаласындағы Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапқа су жүйесі тартылып, биыл құрылысы аяқталмақшы.
Өткен жылы елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығына да өз үлесімізді қосып, ат спорты ойындары өтетін «Атшабар» маңын қайта жабдықтап, елімізде алғашқы «Конное Поло» алаңын соғып бітірдік.
Қаладағы үлкен екі жол көпірін күрделі жөндеуден өткізіп, айналасын абаттандырдық. Бұл қаламыздың сән-салтанатын арттыра түсті. Өткен жылы біздің ұжым 3 миллиард теңгеден аса құрылыс-монтаж жұмыстарын игерді. Биылғы меже одан да биік. Тараз қаласына іргелес Қаратөбе елді мекені аумағында бұдан екі жыл бұрын басталған, күніне 40 тонна ет өңдейтін ет комбинатының құрылысын аяқтап, ел игілігіне бердік. Оның сметалық құны – 1 миллиард 650 миллион теңге. Тараз қаласында «Достық үйі» құрылысының бітуіне аз уақыт калды.
– Облыстың қай түкпірінде болсын құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, уақытында пайдалануға беру – біздің борышымыз, алға қойған міндетіміз. Әрине, мұндай үлкен табыстарға жетуде жаңа техника мен білікті маманның орны ерекше. Сондықтан, серіктестікке жыл сайын жаңа техника сатып алынуда. Жұмысқа өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мамандар іріктеліп алынады. Білікті мамандар Әбілхан Ахмедов, Пахридин Төлепов, Әсия Абайділдаева, Серік Жабағин, Алмас Қожагелдиев, Райымдек Байдәулетов, Людмила Син жемісті еңбек етіп келеді.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Тараз қаласындағы «Салтанат» мөлтек ауданында соғып жатқан 280 орындық балабақша құрылысын сапалы аяқтап, пайдалануға бермекшіміз. Бұл біздің Құрылысшылар күніне арналған тартуымыз болмақ, – дейді серіктестіктің бас директоры Дана Жұмабаева.

IMG_0404
Дәулетхан Әліпбаев,

«ТаразҚұрылысИнвест»
ЖШС-ның бөлім басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support