- Advertisement -

Ресейдегі қазақ газеті 25 жылдық мерейтойын атап өтеді

94

- Advertisement -

РФ Оренбург облысында шығатын «Жаңа Айқап» газетіне 25 жыл толып отыр, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

 23 шілде күні Н. К. Крупская атындағы облыстық ғылыми кітапханаға Оренбург облысының вице-губернаторы Дмитрий Кулагин, Мәскеу, Астрахан, Қорған, Омбы, Оренбург, Самара облыстары мен Татарстандағы қазақ ұлттық-мәдени бірлестіктерінің басшылары мен белсенділері, қазақстандық «Литер», «Надежда», «Приуралье», «Пульс города», «Актюбинский вестник» газеттері  мен ресейлік мерзімді баспа басылымдардың бас редакторлары мен журналистері ұжымды құттықтауға арнайы келеді. Оған Мәскеуден видеобайланыс арқылы Ресей Халықтар ассамблеясы кеңесінің төрайымы Светлана Смирнова мен Этникааралық журналистика гильдиясының басшысы Маргарита Лянге қосылады.

Олар Қазақстан мен Ресей журналистер қауымдастықтарының өзекті проблемалары мен міндеттерін, ортақ көзқарастарды, Оренбург облысында шығатын «Жаңа Айқап» газетінің 25 жылдығына арналған «Екі тілді ортадағы қазақ және орыс БАҚ: қазіргі жай-күйі мен перспективалары» дөңгелек үстелінде трансшекаралық мәдени кеңістікті сақтау мақсатында  ынтымақтастықты орнату мәселесін талқылайды.

24 шілде күні Оренбург облыстық филармониясының сахнасында «Жаңа Айқап» газетінің мерейтойына орай мерекелік концерт өтеді.

Айта кетейік, бүгінде көпұлтты Оренбург облысында 120 мың қазақ тұрады.

Ақпарат көзі: BNews.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support