- Advertisement -

Альварес желтоқсанда Головкиннің салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

123

- Advertisement -

Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы 25 жастағы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (47-1-1, 33 КО) биыл желтоқсан айында орта салмақта жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

«Бұл біздің мақсатымыз. Біздің жоспарымыз, — деп келтіреді Альварестің сөзін RingTV телеарнасы. — Біз жоғары көтерілу туралы ойлап отырмыз. Не болатынын білмейміз, бірақ біздің жоспарымыз осындай».

Айта кетейік, 17 қыркүйекте Альварес бірінші орта салмақтағы WBO чемпионы ұлыбританиялық Лиам Смитпен (23-0-1, 17 КО) кездеседі. Жекпе-жек Арлингтонда, Техас штатындағы 100 мың көрерменге арналған AT&T Stadium аренасында өтеді. Бірақ бастапқыда жекпе-жекті Лас-Вегаста өткізу жоспарланған болатын.

Еске салайық, Головкин — Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонның О2 аренасында өтеді. GGG промоутері Том Леффлердің айтуынша, бұл жекпе-жектің билеттері бар-жоғы 12 минуттың ішінде сатылып кеткен.

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support