- Advertisement -

World Boxing News үздік боксшылар рейтингінде Головкин үшінші қатарға көтерілді

74

- Advertisement -

Қазақстандық Геннадий Головкин World Boxing News танымал басылымының салмақтан тыс үздік боксшылар тізіміндегі өз дәрежесін жақсартты, деп хабарлайды Sports.kz. Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін мексинкандық Сауль Альварес бесінші орынды місе тұтса, ресейлік Сергей Ковалев — төртінші орында. Екінші орын иесі — Роман Гонсалес (Никарагуа). Ал бірінші орынды әдеттегідей, кәсіби мансабын өткен күзде аяқтаған американдық Флойд Мэйвезер алған. Сондай-ақ, үздік ондық арасында Мэнни Пакьяо, Андре Уорд, Гильермо Ригондо, Теренс Кроуфорд және Нонито Донэр бар. Айта кетейік, Головкиннің кезекті жекпе-жегі 10 қыркүйек күні Лондонда өтеді. Оның қарсыласы британдық боксшы Келл Брук болмақ.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support