- Advertisement -

Жарық неге жиі өшеді?

223

- Advertisement -

Тараз қалалық электр жүйесі мекемесінің
басшысы Жұмағали Сабалақовтың назарына!

Бүгінгі өмірімізді электр қуатынсыз елестету мүмкін емес. Қысқасы, қай сала болсын электр қуатынсыз жұмыс істей алмайды. Оның үстіне, қазіргі таңда шаһардағы барлық мекемелер толықтай компьютерлендірілген. Қуат кенеттен болмай қалса, талай адамның еңбегі зая болады. 

Таразда кейінгі кездері күндіз жарықтың өшуі жиілеп кетті. Техникалық ақауларға байланысты болса түсінер едік. Ал оның ойламаған жерден қайта-қайта сөндіріле беруі жүйкені жұқартып, жұмыс жасауға бөгет болуда. Ал бұл жағдай кез-келген саланың ырғақты жұмысына кесірін тигізері анық.
Тигізіп те жатыр. Сондықтан, Тараз қалалық электр жүйесі осы берекесіздікті тыйып, жарықтың тұрақты болуын ұдайы назарда ұстаса дейміз.

Нұрым Сырғабаев,
«Ақ жол».

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support