- Advertisement -

Баян өлгейге көмек беріледі

90

- Advertisement -

Ұлан-Батырда XI АСЕМ саммитіне қатысу аясында Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдоржбен кездесті. Бұл туралы ол өзінің «Instagram»-дағы аккаунтында жазды.
К. Мәсімов моңғол көшбасшысын ұлттық мейрамы Наадаммен құттықтап, бауырлас елге бейбітшілік, амандық және гүлдену тіледі.
Әңгімелесу барысында тараптар сауда және инвестициялар саласындағы екі жақты өзара іс-қимылды кеңейтудің ағымдағы жағдайын және перспективаларын талқылады.

* * *
Ұлан-Батырда өтіп жатқан XI АСЕМ саммиті аясында Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бірқатар екі жақты кездесулер өткізді.
Атап айтқанда, Чехия Республикасының Президенті Милош Земанмен әңгімелесу барысында Кәрім Мәсімов машина жасау және ауыл шаруашылығы салаларындағы қазақстандық-чех ынтымақтастығын дамытуға әлеуетті айтып өтіп, Қазақстан Чехияны маңызды экономикалық серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын айтты.
Саммит алаңдарында К. Мәсімов Моңғолия Премьер-Министрі Жаргалтулга Эрдэнэбатпен кездесіп, АСЕМ саммитінің сәтті өтуімен құттықтады.
ҚР Премьер-Министрінің пікірінше, Ұлан-Батырда аса жоғары деңгейде форум өткізу елдің алдағы дамуына септігін тигізеді.
Тараптар екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және екі елдің бизнес қауымдастықтарының байланыстарын нығайту мәселелерін талқылады.
К.Мәсімов біздің елдердің арасындағы сауда айналымын арттыруға зор әлеуетті айтып өтіп, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және сауда-экономикалық қатынастарды жандандыруға дайындығын білдірді.
Оның пікірінше, өзара тиімді серіктестікті реттеу үшін аса перспективалы салалар энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй құрылысы, алтын және уран өндіру және өңдеу болып табылады.
Финляндия Премьер-Министрі Юхой Сипилямен әңгімелесу барысында К.Мәсімов жан-жақты экономикалық ынтымақтастыққа қызығушылығын білдіріп, финдік серіктестерді Қазақстан аумағында бірлескен жобаларға қатысуға шақырды.
Қазақстан Премьер-Министрі мен Румыния Премьер-Министрі Дачиан Чолоштың кездесуінде өзара сауда және инвестицияларды арттыруға және кеңейтуге мүмкіндіктері, сондай-ақ БҰҰ, ОБСЕ және басқа халықаралық ұйымдар аясында бірлескен күш-жігерді үйлестіру талқыланды.

* * *
Моңғолияға келген Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Өлгей қаласына барып, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті.
Өлгей қаласы орналасқан аймақ ха­л­қының басым бөлігін қазақ диаспорасы құрайтынын атап өткен жөн. Мұнда барлығы 90 мың адам тұрса, оның 88,7 пайызын қазақ­тар құрайды.
Кәрім Мәсімов Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сыр­масымен Үкімет Өлгей қала­сын­дағы селден зардап шеккен отба­сы­ларға қаржылай көмек көрсе­тетінін атап өтті.
Премьер-Министр жақын күн­дері көрсетілетін қолдау қан­дас­тары­мызға табиғи апат сал­дарын жою­ға жәрдемдеседі деген үмітін білдірді.
Айта кету керек, Моңғолия­ның Өлгей қаласында 10 шілде күні сел жүріп, соның салдарынан тұрғын үйлер қирап, су астында қалған еді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support