- Advertisement -

Ұлттық киімімізден ұялмаймыз

84

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова бастаған қазақстандық делегация Польша Республикасының астанасы Варшавада өткен Жаһандық әйелдер саммитіне қатысып қайтқан болатын. Айтулы жиынға әлемнің 75 елінен министрлер, мэрлер мен ірі кәсіпкерлері бар, түрлі саланы басқарып отырған нәзік жандылар қатысты. Гүлшара Әбдіхалықова саммиттің басты спикерінің бірі болды.
Саммит барысында Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен Польша арасындағы жан-жақты қарым-қатынастар мен парламентаралық ынтымақтастық, ҚР поляктар, мәдени-гуманитарлық мәселелер жөнінде Польша Сенаты төрағасының орынбасары Мария Коцпен, Қазақстан-Польша мемлекетаралық қатынастарын, сауда-экономикалық ынтымақтастықты Польша Республикасы Премьер-Министрі Бэата Шыдломен достық, өзара сенім мен жылы ілтипат жағдайында жан-жақты талқылады. Сонымен қатар, Польша Президенті Кеңсесінің Басшысы Малгорзата Садурскамен өткізген кездесуде қазақ-поляк ынтымақтастығының кең көлемі, аxуалы әрі алдағы атқарылатын қыруар бірлескен шаралардың мазмұны егжей-тегжей талқыланған болатын. Мұнан өзге де көптеген кездесулер мен келіссөздер жасаған мемлекеттік хатшы жиын соңын әдемі қорытындылай білді.
Нақтырақ айтқанда, әлемнің барлық түкпірінен әйелдер жиылған саммиттің жабылу салтанатында қазақстандық делегация ұлттық нақыштағы киіммен шығып, Қазақстанды, елімізде келер жылы өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін және қазақтың ұлттық құндылықтарын жарнамалады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support