- Advertisement -

«Өрлеу» үздіктерді анықтады

110

- Advertisement -

Қазіргі заманғы білім беру ұйымының көшбасшысы қандай болуы керек? Оның бойынан қандай өзгеше қасиеттердің табылғаны жөн. «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткен білім беру ұйымдары басшыларының «Білім беру ұйымының іскер көшбасшысы» облыстық форумы осы сауалға жауап іздеді.

Қазіргі таңда мектеп басшы­сының кәсіби құзыреттілігі зерттеушілік, басқару­шылық, педагогикалық, коммуникативтік, диагностикалық дағдыларды қамтиды. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың стратегиялық міндеттерін шешу басшының жұмыс деңгейінің нәтижесі қалыптасқан кәсіби білімі мен білігі кәсіби маңызды тұлғалық деңгейімен анықталады. Білім беру жүйесінде шығармашыл басшының жоғары кәсіби деңгейін айқындап, кәсіби имиджін қалыптастыру және білім беру жүйесін жаңарту жағдайына жекелей қосқан үлесін зерделеу арқылы үлгісін облыс көлеміне тарату – уақыт талабы.
Байқаудың алғашқы кезеңі барлық аудандар мен Тараз қаласында өткізілді. Бұл ретте Тараз қаласы мен Байзақ, Шу, Т.Рысқұлов, Жуалы, Қордай аудандары ерекше жауапкершілік танытты. Бұл кезеңге 73 білім беру ұйымының басшысы қатысып, үздік шыққан 12 мектеп басшысы байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алған болатын.
Облыстық форумның қорытынды кезеңі Тараз қалалық мәдениет үйінде өтті. Жиынды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат пен «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Ғалия Сыздықбаева сөз сөйлеп ашып, білім саласы басшыларының біліктілігін арттыру ең маңызды іс екеніне тоқталды.
Форум жұмысына облыс әкімдігі білім басқармасының өкілдері, Тараз қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, жалпы білім беретін мектеп басшылары мен орынбасарлары белсенді қатысты. Форум шеңберінде білім беру ұйымы басшыларының жетістіктері таныстырылып, байқау бейнероликтері, мультимедиялық презентациялары мен әдістемелік көрме көрсетілді.Форум барысында қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы облыстық ұйымының төрайымы Гүлсін Орынбаева, облыс әкімдігі оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Шахризада Өсерова, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі білім жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Любовь Натарякова, Тараз қаласы №43 орта мектептің директоры Гүлнар Раптаева, Меркі ауданы, №5 орта мектебінің директоры Нұрила Қойшыманова сөйлеп, бүгінгі білім саласы көшбасшысының, мектеп басшысының тұлғалық қасиеттеріне ерекше назар аударды.
Форум жұмысының нәтижесі бойынша облыс педагог қауымдастығы ҮНДЕУ қабылдады.
Байқау қорытындысы бойынша Тараз қаласы №43 орта мектеп директоры Гүлнар Раптаева байқаудың гран-при жеңімпазы атанды. Жүлделі бірінші орын Меркі ауданы №5 орта мектеп директоры Нұрила Қойшымановаға берілсе, Байзақ ауданы Қазақстанның 40 жылдығы орта мектеп директоры Гүлмира Есентаева жүлделі екінші орынға лайық деп танылды. Жүлделі үшінші орындарды Сарысу ауданы Отарбаев орта мектеп директоры Дариға Ыдырысова, Тараз қаласы №50 орта мектеп директоры Рахия Есеева, Жамбыл ауданы Чкалов атындағы орта мектеп директоры Нәйла Ерғалиева өзара бөлісті.

Е. Жаңабайұлы,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support