- Advertisement -

Ивановода Наурызды тойлауға арналған салтанатты шара өтті

84

- Advertisement -

Ивановода  Наурызды тойлауға арналған салтанатты шара өтті. Иваново және Иванов облысының этномәдени бірлестік өкілдері, облыстық және қалалық әкімшіліктің депутаттары, сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары шара қонақтары болды.

Шара қонақтары Иваново этномәдени бірлестіктердің талантты өкілдерінің өнеріне тәнті болып, ұлттық тағамнан дәм татты.

Ивановтық ұлттар үйінің директоры Николай Кариканың айтуынша,

Иванов облысында шамамен 50 ұлттың өкілдері бар және 31 ұлттық қоғамдық ұйым жұмыс істейді.

Н.Карика қала және Иванов облысының мәдени және әлеуметтік-экономикалық саласындағы қазақ диаспорасының белсенді рөлін атап өтті.

«Қазақ диаспорасы белсенділігімен ерекшеленеді. Ол Ивановода  Наурыз мерекесін ұйымдастыру бастамасын көтергендердің бірі»- деді Н.Карика.

Сондай-ақ ол біздің еліміздегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді айта келе, оның өзгелерге үлгі бола алатынын атап өтті.

Иванов облысындағы қазақ диаспорасының атынан құттықтаған «Еуразиялық диалог» қорының басшысы Айжан Түзелбекова 25 наурызда Ивановода сауда үйі ашылатынын және онда қазақстандық өнімді сатып алуға болатынын айтты.  Ол сауда үйінің Наурызды тойлау кезінде ашылуы Қазақстан мен Ресей халқы арасындағы мәдени және әлеуметтік-экономикалық байланысының дәлелі екенін атап өтті.

Қазақ диаспорасы мен «Еуразиялық диалог» қорының шақыруымен ҚР ОҚО-дан делегация келді.  Олардың ішінде белгілі әнші, ҚР Мәдениет қайраткері Меруерт Түсіпбаева бар.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support