- Advertisement -

НҰРЛЫ ЖОЛ: Жамбыл облысында 2020 жылға дейін елді мекендерді 100% қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр

66

- Advertisement -

Аймақта жыл сайын келетін жолаушылардың саны мен қоғамдық көліктің маңызы артып келеді, деді Жамбыл облыстық әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.

Ведомство басшысы Рахманқұл Байтелиевтің айтуынша, 2016-2020 жылдар аралығында Жамбыл облысын дамыту бағдарламасы бойынша 100-ден астам адам тұратын елді мекендерді 100% қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету жоспарланған.

«Бүгінде облыста 373 елді мекеннің 335-і қоғамдық жолаушылар көлігімен қамтылды. Бұл  89,81% құрайды. 2020 жылға қарай біз жүзден астам тұрғыны бар  363 елді мекенді жолаушылар көлігімен қамтамасыз етуге тиістіміз», — деді ол.

Жамбыл облысында қазір бір автовокзал, сегіз автостанса мен бір жолаушыларға қызмет көрсету бекеті жұмыс істеп тұр.  2020 жылға дейін ҚР көлік жүйесінің инфрақұрылым интеграциясы мен дамуы бағдарламасы бойынша  облыста 10 автостанса, 10 жолаушыларға қызмет көрсету бекеті мен 79 такси тұрағын салу межеленді.

«Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін Таразда жаңа автостанса салынды.  Б.Момышұлы ауылында жолаушыларға қызмет көрсету бекеті қолданысқа берілді, Жаңатас қаласы мен Мойынқұм ауылында автостансалар қалыпқа келтірілді. Биыл Аса ауылында жаңа автостансаның құрылысын аяқтаймыз. Қаратау қаласында және Қордай ауылында автостансаларды салуға арналған жер учаскелері бөлінді және жобалық-сметалық құжатты дайындау жұмыстары жүріп жатыр», — деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен субсидияланған қаражат есебінен аймақтың бірқатар елді мекені көлікпен қамтылды. Бұл үшін облыстық бюджеттен 304,9 млн. теңге бөлініп, игерілді, деді Р. Байтелиев.

Жамбыл облысындағы тас жолдар желісінің ұзындығы 5 351 шақырымды құрайды.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support