- Advertisement -

Геннадий Головкин Лос-Анджелесте баспасөз конференциясын өткізді

64

- Advertisement -

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Лос-Анджелесте Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жекке қатысты баспасөз конференциясына қатысты, деп хабарлады sports.kz.

Еске салсақ, Головкин-Уэйд айқасы 23 сәуірде «Forum» (Калифорния штаты, АҚШ) аренасында өтеді. Бұл  WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim)  тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің кәсіби мансабындағы 35-ші айқасы.

Баспасөз конференциясына Головкин-Уэйд андеркартында жұдырықтасқан Роман Гонсалес те қатысқаны айтылады.

Бұдан бұрын GGG промоутері Том Леффлер берген сұхбатында жанкүйерлерді қызықты айқас күтіп тұрғанын атап өтті. Бір кеш аясында көрермендер қатарынан Головкин мен Гонсалестің жекпе-жегін тамашалайды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support