- Advertisement -

Бағдарламалардың жемісі

94

- Advertisement -

жүзеге асқан жобалардан көрінуде

Өткен жылы облыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 14 жоба іске асырылған. Бұл туралы облыс әкімдігі энергетика және коммуналды-шаруашылық басқармасының басшысы Ерік Көшербаев Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Өңірдегі коммуналды-шаруашылық қызметін жаңғырту жобаларын және өткен жылы атқарған жұмыстары жайлы баяндап, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысына тоқталды. 

– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті бағыттарды атап көрсетті. Жалпы, өңірлердегі өркенді істердің барлығы Мемлекет басшысының Жолдауларының жемісі екенін айтуымыз керек. Қазіргі таңда отын-энергетика кешеніндегі кәсіпорындардың басты қоры жаңғыртылып, жаңаруда. Яғни, электр және жылу желілерін ысырап етпей, жылу энергиясын сапалы беру, облыстың елді мекендерін газдандыру арқылы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсартылуда, – деді Ерік Көшербаев.
Оның айтуынша, республикалық және жергілікті бюджеттерден басқармаға 11234, 38 миллион теңге қарастырылса, оның 11224,2 миллион теңгесі игерілген екен. Бұл – бөлінген қаржының 99 пайызы. Оның ішінде, жылу энергетикасы бағдарламасы бойынша қарастырылған 2073,4 миллион теңгеге он төрт жоба іске асырылған. Он жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылса, қалғаны облыстық бюджетке тиесілі. Бұл тұрғыдағы жұмыстар 100 пайызға орындалып, барлық нысандар пайдалануға берілген.
Ерік Әубәкірұлы моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Жаңатас қаласында 472,3 миллион теңгеге жылу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғанын, қарастырылған қаржының толығымен игерілгенін жеткізді. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 3 жоба жүзеге асқаны, «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы аясында барлығы 661,2 миллион теңгеге 10 жобаны іске асыру жұмыстары қарастырылғаны, оның 595,1 миллион теңгесі Ұлттық қордан, қалғаны жергілікті бюджеттен бөлінгені айтылды.
Жиын барысында «Өңірлерді дамытудың» 2020 жылға дейінгі бағдарламасының тұрғын үй қорын жаңғырту бөлігі бойынша 33 көп пәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 746,7 миллион теңге қарастырылғанынан хабардар болдық. Осы секілді өзге де мәліметтерді алға тартқан облыс әкімдігі энергетика және коммуналды-шаруашылық басқармасы басшысы Ерік Көшербаев БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, алдағы атқарылар жұмыстар барысына да тоқталды.

Жанғазы АХМЕТ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support