- Advertisement -

«Ақ жол» үміткерлерінің тізімін ұсынды

77

- Advertisement -

Қазақстан
Республикасы
Орталық сайлау комиссиясына 35 адам енгізілген Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының партиялық тізімі тіркеуге ұсынылды.

Сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес партиялық тізімді саяси пар­тияның өкілі Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының пар­тиялық тізімді ұсыну туралы кезектен тыс XІІІ съезінің хаттамасынан үзінді көшірмемен бір мезгілде тапсырды. Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталған.
Ал партиялық тізімді тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына мына құжаттар: саяси партияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тір­келгені туралы құжаттың көшір­ме­сімен қоса Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының пар­тия­лық тізімді ұсыну туралы кезектен тыс XІІІ съезінің хаттамасынан үзінді кө­шірмесі, партиялық тізімге енгізілген азаматтардың тізімге енгізуге келісімі туралы өтініштері, партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның өмірбаяндық деректері, салық органының партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың және олардың жұбайларының табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалары және партиялық тізімге енгізілген адамдардың «Ақ жол» партиясына мүшелігін растайтын құжаттар тапсырылды.
Сайлау заңнамасына сәйкес Қа­зақ­станның «Ақ жол» демократиялық пар­тиясы өткен сайлауда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы санының жеті пайыздан артық дауы­сын алғандықтан, сайлау жарнасын енгі­зуден босатылады.
«Қазақстанның «Ақ жол» демо­кра­тиялық партиясы сайлауға байланыс­ты бүгін кезектен тыс съезін өткізді. Саяси науқанға қатысатын партиялық тізім бекітіліп, оны Орталық сайлау комиссиясына тапсырдық. Біздің тізі­мі­мізге партияға мүше 35 адам кіріп отыр. Олардың басым бөлігі кәсіп­керлер. Ірі кәсіпорындардың, банк құры­лым­дарының басшылары бар. Партиялық тізім Орталық сайлау комиссиясында тіркелгеннен кейін кезекті іс-шараларға кірісеміз. Яғни, қор құрып, сайлауға дайындық жұмыстарымен айналысатын боламыз», – деді «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support