- Advertisement -

Мәслихаттарға ұсынылған кандидаттар саны – 2865

74

- Advertisement -

Орталық сайлау комиссиясында ОСК мүшесі Ләззат
Сүлеймен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының алдағы сайлауларына дайындық барысы туралы брифинг өткізді.

Комиссия мүшесінің атап өтуінше, сайлау науқаны бастал­ған кезеңнен бері еліміздегі төрт саяси партия өздерінің съездерін өткізді. Съездерінде олар пар­тия­лық тізімдерін бекітті. Қазіргі кезде Орталық сайлау комиссиясына төрт партиялық тізім ұсынылды – 30 қаңтарда «Нұр Отан» партиясының 127 адамды қамтитын партиялық тізімі, 2 ақпанда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық пар­тиясының 19 адамды құрайтын пар­тиялық тізімі және сол күні Қазақстан Коммунистік халық партиясының 22 адамды қамтитын партиялық тізімі, сондай-ақ, 3 ақпанда Қазақ­станның «Ақ жол» демо­кра­тиялық партиясының 35 адамды құраған партиялық тізімі ұсы­нылды. Орталық сайлау комиссиясы 3 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімін тіркеді.
Бұдан кейін ол барлық дең­гей­дегі мәслихаттар депутаттығына қанша кандидат ұсынылғанынан хабардар етті. «Мәслихаттар сайлауына кандидаттарды ұсыну белсенді түрде жүріп жатыр. Өз­деріңіз білетіндей, 20 нау­рыз күні елімізде 3335 сайлау ок­ругі бойынша облыстық, қала­лық және аудандық мәсли­хат депутаттарының сайлауы өткізіледі. Сайлау комис­сия­лары­ның 4 ақпан күнгі сағат 10.00-дегі берген мәліметтеріне қарағанда, республика бойынша барлығы 2865 кандидат ұсынылған», – деді Л.Сүлеймен.
Оның хабардар етуінше, олар­дың ішінде облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарына – 324, аудандық мәслихаттарға – 2015, қа­лалық мәслихаттарға – 526 кан­дидат ұсынылған. «Атап өтетін бір мәселе, бұл ұсы­ныл­ған кандидаттардың басым бөлігін өзін-өзі ұсынған адамдар құрайды. Ал облыстар бо­йынша айтар болсақ, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыс­тарында кандидаттарды ұсыну белсенді жүргізілуде. Сайлау ко­миссияларының негізгі міндеті – заңдылықты, яғни сайлау заң­на­масына және жалпыға танымал халықаралық қағидаттарға сәйкес әділ және ашық сайлауды өткізуді қамтамасыз ету», – деді ОСК мүшесі.
«Ұсынылған кандидаттардың 12-сі Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі, 1184-і партияда жоқ, тағы 1669-ы өзі­нің партияға тиесілі екенін көр­сет­пеген, – деді Л.Сүлеймен әрі қа­рай. – Округтік сайлау комис­­сиялары 54 кандидатты тір­кеді. Орт­сай­лауком бекіткен күн­тіз­белік жос­парға сәйкес мәсли­хат­тар де­путаттығына канди­дат­тар ұсыну 2016 жылғы 19 ақпанға, ал тіркеу 23 ақпанға дейін жүргізіледі».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support