- Advertisement -

«Бірлік» саяси партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты мәлімдемесі

77

- Advertisement -

Қазақстанның «Бірлік» демократиялық партиясы партия мүшелерінің атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Мемлекет басшысы қабылдаған шешімді қолдайды.

Мәжіліс мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде елімізді жаңғыртудың кешенді стратегиясының негізгі элементтерінің бірі болып табылатын «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін заңнамалық негіз қалыптастыру бойынша маңызды міндетті орындады.
Бүкіл дүниежүзі бастан кешіп отырған айтарлықтай күрделі экономикалық жағдайда халықтың биліктің заң шығарушы тармағына сенім мандатын қуаттауы бірінші кезектегі міндет болып табылады.
Біз кезектен тыс сайлаудың мемлекетке өз назарын дағдарысқа қарсы саясатты жүзеге асыруға аударып, жаһандық дағдарыстың ықпалын табысты еңсеруге мүмкіндік беретініне сенімдіміз.
Біздің партиямыз Елбасының кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімін қуана құптайды.
Сайлау – міндеті ел бірлігін нығайту болып табылатын әр қазақстандық үшін маңызды патриоттық қадам.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support