- Advertisement -

Табиғатқа ғашық адам

183

- Advertisement -

Баймахан Досайұлының шығармашылығына – 40 жыл

Белгілі суретші, Қазақстан Суретшілер және Қазақстан Дизайнерлер одақтарының мүшесі Баймахан Шерімов облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында «Қарағаштар» атты жеке көрмесін өткізді. Көрмеге суретшінің алпысқа жуық майлы бояумен салынған еңбектері қойылды.

Бұл шараны аталған музейдің көрме залы меңгерушісі Нұрлан Бықыбаев ашып, суретші шығармашылығын көпшілікке танысырып, өмір жолынан хабардар етті. Сондай-ақ, облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Ғалия Әлімжанова, Қазақстан Суретшілер одағы облыстық бөлімшесінің төрағасы, суретші Айдархан Сихаев, суретші Александр Леонтович, көрме авторының студент күнгі досы, суретші Мұхтар Егізеков сөз сөйлеп, Баймахан Досайұлының суреткерлік, суретшілік жоғары болмыстарына тоқталып, көрмеге қойылған жұмыстарын жоғары бағалады. Айдархан Сихаев көрменің авторын Қазақстан Суретшілер одағының Құрмет грамотасымен марапаттады. Суретші Б.Шерімовтің жұбайы, ақын Эра Орманова өмірлік серігіне арнаған жырларын шабыттана оқыды. Соңынан көрмеге қойылған жұмыстардың иесі Баймахан Шерімов сөйлеп, өзінің барлық идеясын, айтарын сурет тілімен көрерменге ұсынғанын айтып, келуші көпшілікке алғыс білдіріп, аталған залға қойылған еңбектерді тамашалауға шақырды.
Автор Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына бірнеше картинасын арнапты. Соның бірі – «Алғашқы құрылтай». Суретші бұл еңбегін салу үшін Қазақ хандығының негізін салушы Керей хан және Жәнібек сұлтандар жүріп өткен Шу өңірін арнайы аралап, тарихты сезініп, түсініп барып қолына қалам алыпты. Баймахан Шерімовтің «Босаға», «Гүл иісі», «Әже мен немере», «Көктем», «Күз», «Долана», «Балалық шақ», «Қос бұрым», «Пейзаж», «Қыр адамы», «Кешқұрым», «Қарағаштар», «Шың» деп аталатын еңбектері өте сәтті шыққан. Суретшінің жұмыстарына еліміздің барлық аймағынан бөлек Ресей, АҚШ, Германия, Венгрия және Франция азаматтары қызығушылық танытуда. Алматы мемлекеттік театр және сурет өнері институтынан тәлім алған суретшінің талантын қылқалам шеберлері жоғары бағалайды. Себебі, суретші жүзеге асырмақ болған еңбегін ой елегінен өткізіп, философиялық тұрғыдан сұрыптау арқылы көрермендерге ойын көркемдеп жеткізеді. Суретшінің бүгінгі көрмесінде де ой кемелдігі, суреткерлік шеберлігі молынан байқалды.

Есет Досалы,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support