- Advertisement -

БЕРЕКЕ БАСЫ – БІРЛІКТЕ

76

- Advertisement -

«Қазақстан Тәуелсіздігінің ширек ғасыры топтасқан халықтың ғана дамудың таңғажайып шыңдарына жете алатынын дәлелдеп берді».
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» деп аталатын бүгінгі мақаласында осылай деді.
Жалпы, қай сөзінде болмасын Президентіміздің баса назар аударатын саясатының бірі – ел бірлігі. Оның мөлдір бастауы халқымыздың «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген асыл сөзінде жатыр.
Елдің ауыз бірлігі туралы жеті ғасыр бұрын жыраулар да күңіренген, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп, кешегі Абай да өкініп өткен. Абай өлеңдерін жатқа оқитын Елбасы жақында өткен бір кездесуінде «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» деген ақын сөзін тағы да мысалға алды. Мысалға алып қана қойған жоқ, осы сөзді ертеңіне сенімді еліміздің әр ауыл, әр қаласының көшелеріне жазып қоюды тапсырды.
Газетіміздің «Ақ жол» деген «бөркінің» үстіңгі жағындағы «Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды» деген сөзді де біз Елбасы саясатынан туындатып қойғанбыз. Енді оны газеттің әр санында жарияланатын қазақстандық достық туралы мақалалардың айдарына айналдырып, орнына Елбасы мысалға келтірген ғибратты шығарып отырмыз.
«Бөлінгенді бөрі жейді». Жүзін жарнамалап, ру аттарын аттандап жүрген «шолақ белсенділерге» Абай ақылы, Елбасы саясаты сабақ болса екен дейміз.
«Тамшы тас теседі». «Ақ жол» газетін қолына алған оқырман айналасындағы ағайындарын елді берекелі тірлікке бастайтын бірлік екенін күн сайын айтып отыратын ақылшыларымыздың біріне айналады деп сенеміз.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support