- Advertisement -

Босаңсуға болмайды

68

- Advertisement -

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкім­ші­лігінің Басшысы Н.Нығ­матулин және Президент Әкімшілігі Бас­шысының орынбасары Б.Май­лыбаев қатысты.
Мемлекет басшысы еліміз өткен жылды әлемдік нарықтағы күрделі жағдайға қарамастан, жақсы экономикалық көрсет­кіштермен аяқтағанын атап өтті.
– Біз Бес институттық реформаны жүзеге асыруды бас­тайтын ең күрделі ке­зеңге келдік. Ауқымды дайындық жұмыс­­тары атқарылды, тиісті құжат­т­ар қабыл­данды. Президент Әкім­ші­лігі, Үкімет, әрбір министрлік және әкімдіктер қойылған міндет­терді нақты орындауға ат салысуы қажет. Жаң­ғырту жөніндегі ұлттық комиссия қызметін жалғастырып, менің алдымда есеп беретін болады және барлық бағыттар бойынша қандай да бір босаңсуға жол бермеуі тиіс, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев ре­фор­малардың уақтылы және тиім­ді жүзеге асырылуының маңыз­дылығын атап өтті.
– Мемлекеттік қызметті же­тілдіру жұмысын орталықта да, жергілікті жерлерде де жүргізу керек. Заң үстемдігін қамтамасыз ету аясында сот жүйесінің өзі де өзгерістерге бастамашы болуы қажет. Сонымен қатар, Пат­риоттық акт қабылдау жоспарланып отыр, онда халық бірлігін, толе­ранттылық пен сенімді одан әрі нығайту жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары көрсетілетін болады. Сондай-ақ, есеп беруші мем­лекет қалыптастыру міндетіне сәйкес, барлық деңгейдегі атқару­шы билік тұрақты негізде халыққа есеп беріп отыруы тиіс. Жалпы ал­ғанда, нәтижеге басшылар жеке жауапты болады. Бұл ретте, ре­фор­­маларды көзбояушылыққа айнал­­дыруға жол беруге болмайды. Өз­ге­рістерді жүзеге асыруға ке­дер­гі болатындар лауазымынан бо­са­­тылады, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті кездесу қоры­тын­ды­сы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support