- Advertisement -

Мешін жылы құтты болсын!

73

- Advertisement -

Халқымыз төрт түліктің ішінде қойды ерекше бағалаған. Бабаларымыз «Мал өсірсең – қой өсір, табысы оның көл-көсір» деп ұрпағына өсиет қалдырған. Баласын «қошақаным» деп еркелетіп, мінезі жұмсақ адамды «қойдан жуас екен» деп сүйсініп жататынымыз да бар. Қой баққан қазақтың бірі мына менмін. Осы ата кәсіптің арқасында жаман болған жоқпын. Бүгінде шаруашылығымыз елімізге танымал. Әсіресе, өткен қой жылы қой баққан қазаққа құт жыл болды дер едім.
«Қой жылы – той жылы» болды деп жатыр ғой жұрт. Лайым, халқымызды тойдан айырмасын. «Құрық берсем, құл болма, шыбық берсем, шіл болма, бәрінен де, қарағым, баяны жоқ ұл болма» деген ғой ата-бабаларымыз. Ең бастысы, еліміздің әрбір тұрғыны Отанымызға адал, жұмысына ұқыпты болса деймін. Сонда еліміз бұдан да көркейіп, дами берері сөзсіз. Мешін жылы халқымызда молшылық, тоқшылық болсын. Жаңа жылда жаңа табыстарға жете берейік!

Сайрамбай Дөненбаев,
«Шәушен» шаруа қожалығының төрағасы,
«Құрмет» орденінің иегері.

Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support