- Advertisement -

«Үстінен ұшып бара жатсақ та, Таразға тағзым етуіміз керек»

97

- Advertisement -

сан қырлы өнер иесі Байғали Есенәлиев
тараздық студенттермен кездесуінде осылай деді

Қазақ хандығының негізін қалап, байтақ жерді бар күшімен қорғаған батырларымызды танып білуімізде ұлы тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидың орны ерекше.

Тараз мемлекеттік университетіне М.Х. Дулатидың есімі берілген күнге орай қараша айының 2-7 аралықтарында барлық факультеттерде «Ұлы бабамыздың мұрасын ұлықтайық!» атты апталық өткен болатын. Орын алған іс-шараларды қорытындылау мақсатында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, актер, әнші ақын, драматург, Қазақстан авторлары қоғамының бас директоры Байғали Есенәлиевпен кездесу өтті.
Жиын барысында алғашқы сөз кезегін алған университет ректоры Махметғали Сарыбеков жылда қараша айында оқу ордасында бұл дата ерекше аталып өтілетінін айтты.
Оқу ордасының басшысы апталық барысында үздік кураторлық сағат өткізгені үшін «Филология және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы Ғалия Әбдіханованы ректордың Құрмет грамотасымен марапаттаса, апталықта «белсенділік танытқаны үшін» аталымы бойынша біршама университет оқытушылары Алғыс хаттарға ие болды.
Байғали Есенәлиевтің «Мұхаммед Хайдар Дулати» қойылымы кештің сәнін асырып, ажарын аша түсті. «Мәдениет және өнер» кафедрасының студенттері сахналаған қойылым көрермен тарапынан жоғары бағалады. Ұлы тұлғаны сахна төрінде тірілткен болашақ маман иелері өздерінің бар өнерлерін көрсетіп бақты.
Шара тарихи қойылымның авторы Байғали Мақұлбекұлы мен «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Дүйсебай Еркебаев арасындағы сұхбат әңгімемен жалғасын тапты. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта М.Х. Дулати туралы тарихи кино түсіру жайлы жоспарымен бөлісіп, бүгінде кинотуындының сценарийі де жазылып жатқанын жеткізді.
Студенттер тарапынан өнер иесіне қойылатын сұрақтар да аз болмады. Батырлардың мекені, тарихтың діңгегі болған көне шаһар Тараз қаласының қазақ халқы үшін әрқашан орны ерек екенін айтқан кездесу қонағы «көлікте болсын, тіпті, төбесінен ұшақпен ұшып кетіп бара жатсақ та Таразға тағзым етуіміз керек» деп көне шаһарға деген ыстық ықыласын білдірді.

Жанғазы АХМЕТ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support