- Advertisement -

Арқат алтынмен оралды

110

- Advertisement -

Ол жасөспірімдер арасындағы Азия
чемпионатында жасындай жарқылдады

Таиланд мемлекетінің Бангкок қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында 50 келі салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан жамбылдық Арқат Әнуарбек жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Ол чемпионат барысында бес балуанды жеңіп, болашағынан үміт күттіретін спортшы екенін дәлелдеп қайтты. Бұл Азия біріншілігінде қазақстандық жасөспірім балуандар жақсы өнер көрсетті. 66 келі салмақта қызылордалық Марат Жанқожа, жоғары салмақта ақтаулық Сұңғат Манарбек те барлық қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа тағынды. «Халықаралық жарыста жеңіске жету оңай емес. Арқат – еңбекқор, айтқан ескертпеден нәтиже шығарады. Бұл жолы жеңіс тұғырына көтерілу үшін барын салды. Жерлестерінің намысы үшін аянбай тер төкті. Төккен теріміз ақталды», 

– дейді чемпионның жеке бапкері Қайролла Лұқманов.
Арқат «Тараз-Арена» спорт кешенінде жаттығады. Жамбыл политехникалық колледжінің ІІ курс студенті. 2008 жылдан бері күрестің дзюдо түрімен тұрақты шұғылданады. Жеке бапкері Қ.Лұқманов шәкіртінің болашағы­нан үлкен үміт күтеді. Арқат – биыл Бішкекте өткен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогының иегері, жасөспірімдер арасында ел чемпионы және Тараз қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы.
Таиланд елінен алтын медальмен оралған Арқат алдағы уақытта жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанып, еліміздің намысын халықаралық деңгейде абыройлы қорғауды көздейді.

Есет Досалы, 
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support