- Advertisement -

Нұрлан Ақүрпеков – «астана арландарының» бас бапкері

69

- Advertisement -

Бүкіләлемдік бокс сериясында ел намысын қорғайтын «Астана арландары» кәсіби бокс клубының боксшылар құрамында біршама өзгерістер орын алды. Бұл туралы «sports.kz» сайты мәлімдеді. Сондай-ақ, клубтың бапкерлік құрамы да қайта жасақталған.
Жаңа құрам бойынша енді 49 келі салмақта «Астана арландары» атынан Теміртас Жүсіпов, Мардан Берікбаев және Жомарт Ержандар өнер көрсетсе, ал 52 келіде Олжас Сәттібаев, Азат Махметов, Мирас Жақыповтар ел намысын қорғамақ.
Мейірболат Тойтов, Нұрсұлтан Көшеғұлов және Нұрбол Қалжанов 56 келі салмақта астаналық клубтың абыройын асқақтатуға барын салмақ. 60 келіде Закир Сафиуллин, Ержан Мусафиров, Бекдәулет Ибрагимов, 64 келіде Самат Башенов, Асхат Уәлиханов, Сабыржан Бекбергенов күш сынасатын болады.
Аслан Шымбергенов, Қанағат Маралов, Бекзат Халметов 69 келі салмақ бойынша, Мейірім Нұрсұлтанов, Рустам Сваев және Ерік Әлжанов 75 келі салмақ бойынша ел намысын қорғамақ. Нұрдәулет Жарманов, Али Ахмедов, Арман Рысбек 81 келіде, Мұжаметжан Еркін, Рахман Әлжанов 91 келі бойынша өнер көрсетпек. Ал аса ауыр тоқсан бір келіден жоғары салмақта Қамшыбек Қонқабаев, Нұржан Бекзатов, Нұрсұлтан Аманжолов секілді былғары қолғап иелері «Астана арландары» атынан сынға түспек.
Сондай-ақ, Нұрлан Ақүрпеков аталмыш бокс клубының бас бапкері болып іске кіріспек. Мырзағали Айтжанов, Александр Стрельников, Нұрғали Сафиуллин, Бейбіт Есжанов, Нүркен Андасов, Ермек Ертаев, Болат Жұмаділов жаттықтырушы құрамда тер төкпек.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support