- Advertisement -

Батырлардың жалғасы

117

- Advertisement -

Әлбетте, Ұлы Дала елінің ұланы Айдын бауырымыз ғарышқа ұшады дегенді естігенде, өзіміздің де жүрегіміз атқақтап, алаш жұртының айбынды ұлының тілеуін тілеп, елге есен оралуына ниеттес болдық. Осыдан біраз бұрын «Айдын Айымбетов ғарыш айлағын бағындыруға дайындалу үстінде» деген хабарларды БАҚ беттерінен көзіміз шалып қалып, «Шіркін, сол күн қашан туар екен?» деп ойға шоматынбыз. Міне, сол сәт те келіп жетті.
Өзі көкке көтерілгенде, құрлықта отырып көпшілік тілеуін тілеген Айдын бауырымыз елге аман оралып, халқының мерейін асырды. Рухымызды көтеріп, еліміздің әлем алдындағы беделін биіктетті. Ерін сыйлаған, азаматын ардақтаған халық екенімізді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та ескеріп, батыр ұлдың батыл қадамын лайықты бағалады. «Халық Қаһарманы» атағын Айдын Айымбетов лайықты түрде алды.
Иә, қай мемлекеттің болсын әлем алдындағы абыройы айтулы оқиғаларда асқақтай түседі. Айдынның аспан кеңістігіне сапар шеккені де біз үшін үлкен абырой екені анық. Бұл, шын мәнінде, көреген Көшбасшымыз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік жылдарындағы ғарыш сапарын жүзеге асыру мақсатында төккен терінің жеңісі, жемісі. Елбасы теріскейдегі көршіміз Ресей мемлекетімен қажетті келісімдерді сәтімен жүргізе отырып, елдің елдігін танытатын мәртебелі жұлдызды сапарды лайықты түрде жүзеге асыра білді.
Айдынның бұл ерлігі әрқашан жүрегіміздің түкпірінде сақталады. Өйткені, бұл – ел тарихындағы айтулы, тарихи оқиға. Ал ондай ірі оқиғаның тарих парақтарында алтын әріптермен жазылуы заңдылық. Біз қашанда Айдын секілді қадірлі бауырымызды құрметтейміз, қадірлейміз! Өйткені, ол – бұрынғы өткен батырлардың заңды жалғасы.

Қожайхан Бижанов,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Т. Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support