Жамбылда Қытай елінің «Шәй үйі» ашылады

94

1443527153_dsc_0116Zhambylnews — Жамбыл жерінде, Тараз төрінде тойланатын Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесіне орай тұрғындарды тағы бір тосын сый күтіп тұр. Аймақта Қытай елінің «Шәй үйі» ашылмақ. Енді тараздықтар Шэньси провинциясында өсірілген шипалы шайдан дәм тататын болады.
Аспан асты елінде атағы шыққан фуча тақташайы халық арасында емдік қасиетімен белгілі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 19 қыркүйегінде Ұлы Жібек жолын жаңғырту әрі екі ел арасындағы достық пен әріптестікті нығайтуды мақсат еткен 136 түйе, 8 ат-арба, жүздеген саяхатшылардан тұратын керуен тарту-таралғысымен Шэньси провинциясы Сиань қаласынан аттанған болатын. Күніне 25 шақырымды басып өтіп, мыңдаған шақырымды артқа тастаған достық көші 26 қыркүйекте Жамбыл облысының Қордай шекарасына келіп жетті.
Керуен  қазанның 5-і күні Байзақ ауданы, Үшбұлақ ауылына, 8-і Тараз қаласына ат басын тіремек.

Comments are closed.