- Advertisement -

Іссапармен Алматыға келген ағылшын бизнезмендерін жергілікті жезөкшелер тонап кетті

81

- Advertisement -

pogudx3qgtv4t3lsd.9350ec2aАлматыға іссапармен келген ағылшындық бизнесмендерді жергілікті жезөкшелер тонап кетті. Оқиға ағымдағы жылдың көктемінде болған.

Елімізге танымал тележүргізушілердің бірі досымен бірге таңғы сегіздер шамасында қала ортасындағы аялдамадан зат алу үшін көлігімен тоқтайды. Сол кезде машинаға жақындаған екі шетелдік азамат жігіттерден әуежайдың қай бағытта екенін және оған қалай жетуге болатынын сұраған.

Журналист жігіттер ағылшын тілінде барынша әуежайға дейін автобуспен бір сағатта, ал таксимен 40 минутта баруға болатын түсіндіреді. Алайда қымбат киім киген шетелдіктің бірі олардан әуежайға жету үшін 10 доллар беруін немесе тегін апарып тастауларын жалынып сұраған.

Жігіттер алғашында олардың жол жүру билеттерінің уақытына қарағанда рейстің ұшуына бір сағат қалғанын көреді. Осылайша олар ойланбастан екі ағылшынды көліктеріне отырғызып алып, әуежайға тегін жеткізген. Жол жөнекей қайыр сұрап қалған бизнесмендерден қал сұраған да олар бұл жағдайға алматылық екі сұлуды кінәлапты.

Үш күндік сән көрсетіліміне келген бизнесмендер көңілді кеште екі бойжеткенмен танысып, артынша қонақ үйге барып демалған. Таңертеңгісін оянса қалталарындағы ақша, артық киімдерімен қатар ұялы телефондарын, тіпті шегетін темекілерін де қалдырмай қос жезөкше қолды еткенін байқайды.

Осылайша виз ларының уақыты бітуге айналған және ұшаққа асыққан олар олар полицияға арыз жазуға мұрсалары болмай көшеге шығып, тұрғындардан жол сұраған. Бір қызығы шетелдік бизнесмендерді тонаған жезөкшелер олардың құжаттарын мен жол билеттеріне тиіспепті.

Осыған тәубе деген ағылшындар келер жолы Алматыға келгенде артық қадамға бармайтындарын айтқан. Алғашында өздерін тоналған екі жезөкшеге қатты ренжіген олар, өздерін әуежайға тегін жеткізіп жол сілтеген жігіттер алғыстарын айтқан.

Тіпті, шексіз ризашылығын білдірген бизнесменнің бірі жүргізуші жігітке мәрттік жасағаны үшін үстіндегі қымбат жалғыз шапанын да шешіп берген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support