- Advertisement -

Қазақстанда мектеп бағдарламасына жаңа пән қосылатын болды

97

- Advertisement -

pogudx559iflvnqjt.6db978e0Еліміздің мектептерінде келер жылдан бастап ортақ түркі тарихы оқытылатын болады. Бұл туралы 2 қазанда Астанада өткен Қазақстан тарихшыларының ІІІ конгресінде Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мәлімдеді.

«Бүгінгі күнге дейін түркі әлемінің тарихының көп бөлігін Түркия елі зерттеп келген болатын. Енді біз де президенттің бастамасымен түркі әлемінің ортақ тарихын әзірледік. Қазір 8 сыныпқа арналған оқулығы дайын тұр. Концепциясын тұжырымдап, Білім министрлігінің кеңесінде бекіттік. Ортақ түркі тарихы ежелгі дәуірден бастап, ХҮ ғасыр аралығын қамтиды. Біздің он бесінші ғасырға дейін алған себебіміз, ол кезде Қазақ хандығы және басқа да хандықтар құрыла бастады. Басқа түркі халықтарымен талас-тартыс туғызбас үшін, он бесінші ғасырға дейін жасадық. Оқулық он бөлімнен тұрады. Біз түркілердің адамзат тарихына қосқан үлесін нақты, тайға таңба басқандай етіп көрсеттік. Өзіміз дайындағаннан кейін, осы ұлы даланың тарихына көп бердік. Бұл оқулық тек елімізде ғана емес, Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан мемлекеттерінде оқытылады», – деді Қыдырәлі.

Оның айтуынша, аталған оқулықпен танысып шыққан Венгрия ғалымдары осынау еңбекке қызығушылық танытып, өз тілдеріне аударуға ниеттеніп отырған көрінеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support