- Advertisement -

Тараздықтар белсене қатысты

80

- Advertisement -

Өткен сенбіде облыс орталығындағы екі жарым мыңға жуық адамға арналған «Тараз-Арена» спорт сарайында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруы және облыс әкімдігінің денсаулық сақтау, ішкі саясат және басқа да тиісті басқармаларының қолдау көрсетуімен «Салауатты өмір салтын ұстан» ұраны аясында «Денсаулық фестивалі – 2015» акциясының ашылу салтанаты өтті. Тараз қаласы әкімінің орынбасары Маржан Қожаева сөз алып, фестивальға қатысушылардың табысқа жетуіне сәттілік тіледі.

Еліміздің денсаулық саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өткізіліп отырған «Денсаулық фестивалі – 2015» акциясы барысында білім беру мекемелері мен оқушылары көңілді старттар ойындары бойынша, ал оныншы сынып оқушылары арасында: ер балалар – 200, қыз балалар 100 метрге жүгіруден сынға түсті. Сондай-ақ, арнайы орта оқу орындарының білімгерлері асық атудан, ләңгі тебуден, жоғары оқу орындарының білімгерлері кіші футболдан, облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының  қызметкерлері арқан тартудан, Тараз қаласындағы емдеу-алдын алу мекемелерінің өкілдері қол күресінен, облыстық және қалалық ауруханалардың командалары гир тасын көтеруден, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спортшылар арбамен жарысудан, дойбы ойнаудан, Н. Тілендиев атындағы мектеп-интернаттың оқушылары «Асфальттағы сурет» байқауынан, облыстық емдеу-алдын алу ұйымдарының басшылары волейболдан күш сынасты.

Бүкіл республика көлемінде ұйымдастырылып өткізілген «Денсаулық фестивалі – 2015» акциясына орай бір мезгілде барлық аула клубтары мен спорт мектептерінде спорттық іс-шаралар өткізілді. Сол сияқты, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы спорттық медицина бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен дәрігерлер қалашығының және № 3 қалалық емхананың тағамдар моделінен «Салауатты тағамдар бұрышы» ұйымдастырылды.

Фестиваль барысында салауатты өмір салты аспектілері және түрлі аурулардың алдын алу, жағымсыз әдеттермен күрес жайындағы бейнероликтер көрсетіліп, әр қилы тақырыптарда бүктемелер мен парақшалар сияқты ақпараттық-оқыту құралдары таратылды. Фестивальға қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сапарғали Әлібай,

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support