- Advertisement -

Қазақстан мен Украина президенттері екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады

64

- Advertisement -

АСТАНА. ҚазАқпарат — Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Президенттер  әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар,  Петр Порошенко  Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге украин жағы бастамашылық етті.

ақпарат көзі kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support