- Advertisement -

Мүмкіндігі шектеулі, шеберлігі шексіз

98

- Advertisement -

Тоғызқұмалақтан мүгедек спортшылар
арасында өткен облыс біріншілігі мәресіне жетті

Тоғызқұмалақтан тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен мүгедек-спортшылар арасындағы облыс чемпионаты өткізілді. Облыстың әр ауданынан келген тоғызқұмалақ ойынының шеберлері өзара кім мықтыны анықтады. Он үш спортшы бақ сынаған додада көз сырқаты барлар арасында Шамиль Ришат (Қордай ауданы) – 1-орынды иеленсе, Ермек Атакөзиев (Тараз қаласы) – 2-орынды, Бекзат Таласбаев (Тараз қаласы) 3-орынды қанжығаға байлады.
«Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен жарыс барысында, сонымен қатар, әйелдер арасында да мықтылар анықталып, көз сырқаты және тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшыларға жүлделер үлестірілді. Ұлттық спорттың дамуына үлес қосып жүрген бұл азаматтардың мүмкіндігі шектеулі болғанымен, шеберліктері шектеусіз екендігі көңіл қуантады.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support