- Advertisement -

«Қайраттың» қарқыны қатты

102

- Advertisement -

Еуропа лигасының үшінші кезеңінде бақ сынап жатқан алматылық «Қайрат» алғашқы матчта «Абердиннен» басым түсті

Футболдан Еуропа чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде бақ сынап жатқан алматылық «Қайрат» футбол клубы қос клуб арасындағы тартыстың алғашқы ойынында шотландиялық «Абердин» командасынан басым түсті.
Алаңға сұрмерген Жерер Гоусыз шыққан «Қайрат» ойыншылары Гоудың орнын жоқтатқан жоқ. Жамбыл футбол мектебінің түлегі, команда капитаны Бауыржан Исламхан матчтағы плеймейкерлік міндетін талапқа сай орындады. Қос қапталдан қарсыласты қыспаққа алған алматылық ұжым өздерінің шын мәнінде қауқарлы екендіктерін байқатып, жылдам голды да соғып үлгерді. Матчтың он үшінші минутында Михаил Бакаев былғары зымыранды қарсылас команданың қақпасына сол аяғымен шегедей қадады. Қақпашы Уорд допты көз ұшымен шығарып салды. Гол! «Қайрат» алда. Соғылған голдан кейін де шотландиялық клубтың ойын мәнері өзгерген жоқ. «Абердиннен» гөрі «Қайрат» ойыншылары жеңіс үшін жан ұшыра алдыға ұмтылып, тиісті нәтижеге қол жеткізді. Матчтың жиырма екінші минутында теңбіл допты алыстан шірене бағыттаған Исламханның соққысы қақпаның тоғыздығына топ ете түсті. Есеп – 2:0. Осы сәтте жанкүйерлердің көңіл түкпірінде тым болмаса осы нәтижені сақтап қалса екен деген ниет пайда болған. Үзіліске дейін таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды.
Ойынның екінші жартысында «Қайрат» футбол клубының ойыншылары андыздап шабуыл жасаумен болды. «Абердин» ойыншылары да қолдан келгенше есе қайтаруға тырысты. Ұрымтал тұстарда өз мүмкіндіктерін мүлт жіберген жерлестеріміз үшін «сен соқпасаң, саған соғады» қағидаты қайталанып, матчтың 69-минутында қонақтар сапынан Маклин мергендік танытып, нәтижеге өзгеріс енгізді. Есеп – 2:1. Енді жерлестеріміз сырт алаңда «Абердинмен» қарымта кездесу өткізеді. «Қайраттың» жеңісті жорығын жалғас­тыруға мүмкіндігі бар.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support