- Advertisement -

Елімізде қажылыққа баратындар тығырыққа тірелді

105

- Advertisement -

pogudxn65436822so.73ca5388Туристік компанияларға қатысты үкіметтің жаңа талабы бағаға кері әсер етуі мүмкін. Қазақстанның туристік агенттіктері қауымдастығы осылай деп шағым айтты. Осының кесірінен биылғы қажылық сапары да жылдағыдан біраз қымбатқа түскелі отыр екен деп хабарлайды арнасы.

Қауымдастық ішкі және сыртқы туризмді жақсарту үшін Инвестиция министрлігіне бірқатар ұсыныстар беріпті. Алайда, бірде-бірі ескерілмей, керісінше жағдайды біраз қиындатты дейді турагенттер.

Мәселен, биыл қажылыққа аттанатын отандастарымыз қалаған әуе компаниясын таңдай алмайды. Және тікелей бағытта ғана ұшуы тиіс.

Сондай-ақ, бұған дейін қажылыққа барғандар Сауд Арабиясында 13 пен 18 күн аралығында болып келсе, биылдан бастап кемінде 20 күн аялдауы керек.

Осы және өзге де өзгерістер шығын көлемін арттырып, бағаны көтеруге әкелді дейді олар.

“Турагенттіктер де, ірі туроператорлар да бұл талаптармен келіспейді. Оның үстіне, қажылыққа баратын мерзім де әлі анықталмаған. Ал туристік компаниялар оған бір ай бұрын дайындала бастауы керек еді. Барлық туристік компаниялармен талқыға салып берген ұсыныстарымыз да ескерілмей қалған”, – деп отыр Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастығының президенті Әсел Нүркебаева.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support