Ғалымдар: жұмыстағы дөрекілік «жұғысты» болады

Ғалымдар: жұмыстағы дөрекілік «жұғысты» болады
ашық дереккөз
Ғалымдар: жұмыстағы дөрекілік «жұғысты» болады

Егер жұмыс орнында біреу дөрекі мінез танытса, онда бұл әрекет бүкіл ұжымға әсер етеді. Зерттеу жасаған америкалық ғалымдар осындай тұжырымға келіпті.

 Осы ретте олар өткізген сынаққа 100-гу жуық адам қатысқан. Сол сәтте қатысушыларға бір бірімен әңгімелесу ұсынылыпты. Оның барысында кейбіреулер өзінің сұхбаттасымен дөрекі сөйлескен. Артынша оның сөйлескен адамы тағы бір сынаққа қатысушымен дөрекі сөйлесе бастаған. Сөйтіп, әңгіме барысында бүкіл ұжымның көңіл-күйі түскен, деп жазады informing.ru. Осының барлығын ғылыми зерттеуге енгізген ғалымдар жұмыстағы дөрекіліктің бір адамнан екінші адамға оңай берілетінін дәлелдеді.

Ұқсас жаңалықтар