- Advertisement -

Білікті дәрігерлер қолымен

78

- Advertisement -

Таразда 5 айлық және 1 жас аралығындағы алты бірдей бүлдіршінге күрделі ота жасалды

Еліміздің жоғары білікті балалар хирургтері балалардағы туа біткен аноректальді ақаулардың дамуы және оларды түзетудің инновациялық технологияларын енгізу мақсатымен облыстық балалар ауруханасы базасында шеберлік сыныбын өткізді.
Отандық балалар хирургиясы саласында аталған мəселе айрықша өзекті. Астаналық жетекші балалар хирургы Расул Аипов пен Алматы қаласындағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының профессоры Нұрлан Ақпаровтың айтуынша, бүгінде балалар арасында туа біткен ақаулар құрылымында мұндай патологиялар жиі кездесіп тұрады. Олардың көбінесе, өмірінің алғашқы айында-ақ шетінеп кетуі мүмкін. Оталық кірісу – туа біткен аноректальді ақаулардың дамуының алдын алу және оларды түзетудің бірден-бір әдісі. Сондықтан, мұндай жағдайда ота неғұрлым ерте жасалса, оның нәтижесі де солғұрлым сәтті болмақ.
Мұндай жаңа ота түрін қолдануды Америкада оқып, меңгеріп келген еліміздің жетекші хирургтері шеберлік сыныбы аясында облыстық балалар ауруханасы базасында екі күн бойы 1,5 айдан 1 жасқа дейінгі аралықтағы 6 балаға күрделі ота жасады. Мамандар мұндай емшара баланың тез оңалып, болашақта толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретіндігін айтады. Шеберлік сыныбына жамбылдық оташы дәрігерлер де қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Шолпан ТАЙЖАНОВА,
облыстық денсаулық сақтау басқармасы
баспасөз орталығының қызметкері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support