- Advertisement -

Пикассоның картинасы

65

- Advertisement -

әлемдегі ең қымбат туынды болды

Испан елінің танымал суретшісі Пабло Пикассоның «Алжир әйелдері («O» нұсқасы)» (Les femmes d’Alger (Version «O») картинасы Нью-Йорктегі Christie’s бәсеке саудасында рекорд саналатын сома – 179,365 миллион долларға сатылды. Осылайша, бұл саудаға түскен ең қымбат туынды болып отыр.
«Алжир әйелдері («O» нұсқасы)» картинасы 1955 жылы салынған. Туынды Пикассоның жеке қорындағы ең сәттісі болып саналады. Жартылай абстрактілі, өте ашық картина шебердің кубизм стилімен айналысып жүрген кезінде дүниеге келіпті. Ол көп жылдар бойы Виктор және Салли Канцтардың коллекциясында сақталып келген.
Картинаның эстимейті – 140 миллион доллар. Сатып алған азамат бәсеке саудада 160 миллион доллар құйып, оған қоса комиссия пұлын төлегеннен кейін аукциондағы құны рекорд деп саналған.
Пикассоның туындысына бұл саудада бірнеше сатып алушы таласып, саудаласу сәті 10 минуттай уақытқа созылыпты.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support