- Advertisement -

Эстония экономикалық өсімін төмендетті

102

- Advertisement -

Эстонияның Қаржы министрлігі ел экономикасының биылғы өсімін 2 пайызға дейін төмендетті. Өткен күзде ведомство болжамы бойынша ол 2,5 пайызды құраған болатын.
Қаржы министрлігі 2016 жылы Эстония экономикасы – 2,8 пайызға, 2017 жылы – 3,4 пайызға, 2018 жылы – 3,2 пайызға және 2019 жылы 3 пайызға өседі деп бағамдауда.
Болжам бойынша тұтыну бағасы биыл – 0,2 пайызға, келер жылы – 2,2 пайызға, 2017 жылы 2,7 пайызға көтеріледі. Қаржы министрлігінің күздегі болжамында 2015 жылы инфляция деңгейі – 1,9 пайызға, 2016 жылы 2,5 пайызға өседі делінген болатын.
Эстониядағы жұмыссыздық деңгейі ағымдағы жылы – 6,1, 2016 жылы – 5,8, 2017 жылы 5,5 пайызға дейін төмендейді. Өткен күзде Қаржы министрлігі 2015 жылы жұмыссыздық деңгейі – 6,8 пайызға, 2016 жылы 6 пайызға дейін төмендейді деп болжаған болатын.
Министрліктің соңғы мәліметтеріне сүйенсек, мұндағы орташа айлық жалақы 4,6 пайызға өсіп, келер жылы 3 пайызға дейін төмендемек. Ал 2017 жылы 3,2 пайызға өседі деп күтілуде.
Сонымен қатар, Қаржы министрлігінің айтуынша, биыл экспорт көлемі 2,8 пайызға өсіп, 2016 жылы 4 пайызға дейін жоғарылайды. 2017 жылы бұл көрсеткіш 5,2 пайызға жетеді. Өткен жылдың күзінде Қаржы министрлігі Эстонияның экспорт көлемін 3,5 пайызға дейін өседі деп жобалаған болатын.
Министрлік сарапшылары осы жылы жеке тұтыну көлемі 4,8 пайызға өсіп, 2016 жылы – 2,8 пайызға, 2017 жылы 2,4 пайызға құлдырайды дегенді алға тартады. Былтырғы жылдың күзінде 2015 жылға жеке тұтыну көлемі 3,8 пайызды құраған болатын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support