Әлемдік экономиканың қайта қалпына келуі қиындап тұр

Әлемдік экономиканың қайта қалпына келуі қиындап тұр
ашық дереккөз
Әлемдік экономиканың қайта қалпына келуі қиындап тұр

«Фианшл таймс» газеті мен Брукингс институтының (АҚШ) бірлескен зерттеулері әлемдік экономиканың қайта қалпына келу үдерісі кідіріспен жүруде және кез-келген уақытта кезекті рет кері қайтатын кезеңге тұрып қалды деген мәліметтерді беріп отыр. Профессор Эсвар Прасадтың айтуынша, «ФТ» басылымы мен Брукингс институты бірлесе түзген TIGER индексі (Tracking indices for the Global Economic Resovery) дамыған елдердегі өсім болжамының қалыпты жақсаруы дамушы нарықтардағы әлсіздіктің байқалмайтындығына саяды. TIGER индексін есептеу кезінде әлемнің көптеген елдеріндегі экномикалық белсенділік, әлемдік қаржы секторындағы операциялар, тұтынушылар мен кәсіпкерлер сенімінің индикаторы ескеріледі. Осы көрсеткіштердің барлығы абсолютті шаманы ғана емес, сонымен қатар, оның өзгеру динамикасы да ескерілетін күрделі статистикалық бағдарлама бойынша өңделеді. Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша 2014 жылы әлемдік экономика 3,4 пайызға артып, ұзақ мерзімді өсім қарқыны сезілген. Дегенмен, көптеген шенеуніктер экономиканың қалпына келуінің жоғарғы қарқынын күткен, енді оның қазіргі көрсеткіштері көңілдерін күпті етіп отыр. Одан қалса, TIGER индексінің кезекті бір көрсеткіші әлемдік экономиканың экономикалық тұрғыдан сауығуы сол қалпынша үлкен сұрақ болып тұр.

Ұқсас жаңалықтар