- Advertisement -

Ел есінде ерлігің

89

- Advertisement -

Редакциямызға бірнеше ән-күйдің авторы Асылбек Жыңғылбаев ат басын бұрып, халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың рухына арналған «Ел есінде ерлігің» атты әнін ұсынды. 

Әні: Асылбек Жыңғылбаев.
Сөзі: Құрманғазы Демешов.

Ғасырлармен жаңғырып,
Көрген жанды таң қылып.
Тұран Тараз жерінен,
Батыр шығу – заңдылық.
Бейбіт күннің батыры,
Елінің бұл тірегі,
Ел деп соқты ақыры,
Ғазиздың жан жүрегі.

Қайырмасы:

Ел есінде ерлігің,
Сақтап қалған елдігін.
Батырлармен кешегі,
Терезең де тең бүгін.
Бабалардан рух дарып,
Ерлік үрдіс сақталып.
Жүрсін ұрпақ ертеңгі,
Өзімен мақтанып.

Сыйлы едің кім-кімге,
Шуақ шашып күлкіңде.
Ұмытылмас есімің,
Аңыз болдың бұл күнде.
Сағынады сан құрбың,
Бастауы бұл ән-жырдың.
Өз-өзіңе ескерткіш,
Ерлігіңмен қалдырдың.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support