- Advertisement -

Қызылордалық Стив Джобс тоғызқұмалақтың электронды нұсқасын ойлап тапты (видео)

140

- Advertisement -

Сыр бойылық жас программист тоғызқұмалақтың электронды нұсқасын ойлап тапты. Енді кез-келген компьютер пайдаланушы ұлттық ойынды 3D форматында еркін ойнай алады.

Бағлан Төлеубай дарынды балаларға арналған №4 мектептің 11 сынып оқушысы. «Жастар компьютер мен телефонға үңілген заманда тоғызқұмалақтың электронды нұсқасын шығару қажет» деп таптым дейді ол. Ал ғаламтор арқылы танысқан шетелдік құрдастары қазақтың төл ойынын ойнағысы келетінін айтыпты. Осыған орай қазір Бағлан тоғызқұмалақты басқа да тілдерде сөйлетуді жоспарлап отыр.

«Әр түрлі ұлттың адамдары маған осындай жасап берші деп ұсыныс айтқан болатын. Өйткені, осы тоғызқұмалақ ойынына үлкен қызығушылық танытты. Алдағы уақытта бұл жоспарда бар. Және де ол жасалады», — дейді оқушы.

Тоғызқұмалақ — тұнып тұрған математика. Жұп сандар мен тақ сандардың тартысы. Ұлттық ойын есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруге, жылдам ойлауға ықпал етеді. Инновациялық идеяны жас дарынның жанындағы достары да ерекше қабылдап отыр.

Электронды ойынның авторы алдағы уақытта анимациялық студия ашып, қазақ ертегілері мен аңыздарын да  әлемге паш етуді мақсат етіп отыр. Бағланның тағы бір бастамасы өзі оқитын білім ошағының виртуалды көшірмесін жасау.

Ақпарат көзі nur.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support