- Advertisement -

Мақсат – ортақ, мүдде – бір

72

- Advertisement -

26Гүлдара Нұрымова,
«Нұр Отан» партиясының
облыстық мәслихаттағы
депутаттық фракциясының
мүшесі, облыстық іскер әйелдер
қауымдастығының төрайымы.

Татулығы мен достығы, тұрақтылығы мен өзара келісімі қанат жайған жас қазақ елін бүгінде барша әлем біледі. Тәуелсіздігінің жиырма төртінші жылына қадам басқан Қазақстан осы өркендеу мен өсудің барлық кезеңінен табысты өтіп, алар асуын, шығар шыңын бағындырды. БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО сынды әлемнің өрісін ашып, жаһанды бір-біріне жақындатқан ірі халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. Ал еліміздің санаулы ғана уақыт аралығында ғасырға пара-пар кезеңде атқарылатын істер мен жеңісі мол жетістіктерге жетуін әрбір отандасымыз шын пейілмен мақтан тұтады. Өйткені, ел ертеңі, мемлекет болашағы үшін атқарылған саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты жүзеге асырылған ауқымды тірліктер қазақстандықтардың өркениет көшіне бой түзеген, бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекет құруына мүмкіндік туғызуда.
Ағымдағы жылдың 26 ақпаны күні Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің бастамасына қолдау көрсеткен республикамыздағы қоғамдық-саяси бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, шығармашылық бірлестіктердің, Парламент пен Үкіметтің ұстанымдарын, Конституциялық кеңестің қорытындысын ескеріп, Мемлекет басшысының 2015 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қоюы облыстың іскер әйелдер қауымдастығы тарапынан да зор ықыласпен қабылданды. Ал сайлауда Мемлекет басшысының орынтағын иеленуге ұсынылған кандидаттардың арасынан кімге таңдау жасалынады? Оны әрине сайлаушылардың еркі шешеді. Дегенмен, бүгінгі таңда Алтайдан Атыруға дейінгі аралықты алып, көсіліп жатқан Ұлы Дала кеңістігінің Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында ғана шексіз құрылыс алаңына айналғандығы, нәтижесінде еліміздің ырысты, халқымыздың бақуатты өмір кешіп жатқандығы әр қазақстандықтың жадынан шықпасы анық. Әрі әр уақытта да болашақты болжай білетін Елбасының экономикалық дағдарыстың алдын алу мақсатында өткен жылы халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты тарихи Жолдауының қарышты қадамының да бүгінде өз нәтижесін бере бастағандығы кім-кімге де болсын аян. Сондықтан, тәуелсіздік тұғырын бойтұмарындай көретін халқымыздың ел егемендігін баянды еткен дара саяси тұлға Елбасына қолдау көрсетері, Ұлт көшбасшысы саясатына шын жанашыр бола алары даусыз. Алдағы болатын сайлаудың еліміздегі ішкі саяси тұрақтылықты бұрынғыдағыдан да бетер нығайтып, жұртшылықты Елбасының маңына топтастыратындығы талассыз. Біз – мақсаты ортақ, мүддесі бір, заманы тыныш, ұрпағы уайымсыз өсіп келе жатқан отандастарымыздың осындай бірлігі – үлгі, шешімді сөзі өнеге боларлық жалпыхалықтық ортақ ұйғарымға тоқтайтындығына сенімдіміз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support