- Advertisement -

Мойынқұмда жел электр станциясы салынады

17

- Advertisement -

Бұл туралы күні кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «TotalEnergies Renewables Services Kazakhstan» ЖШС-нің бас директоры Тьерри Плезанмен кездесу барысында белгілі болды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz 

Тараптар Мойынқұм ауданында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу мәселесі бойынша Қазақстан мен Франция арасындағы үкіметаралық келісімнің іске асырылу барысын талқылады.

Қазіргі таңда жобалау кезеңі жүріп жатыр. Жақын арада зерттеу жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Ербол Қарашөкеев инвесторларға заң аясында жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Кездесу барысында жергілікті тұрғындардан білікті кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, TotalEnergies профессорлар қауымдастығы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік унивеситетінің студенттеріне дәріс өткізеді.

Аймақ басшысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына компаниямен бірлесіп,энергетика саласындағы кадрларды даярлау жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.

Сонымен қатар ұзақ мерзімді екіжақты өзара іс-қимылды нығайту мәселелер талқыланды. Бұған дейін компания Шу ауданында күн электр станциясын қолданысқа берген. Нәтижесінде 15 жергілікті тұрғын тұрақты жұмысқа орналасқан.

Кездесуде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде қабылданған  шаралар қаралды. Өткен жылы компания Шу ауданында футбол алаңы мен спорт алаңшасын салған. Әлеуметтік нысандардың құрылысы тұрғындардың сұранысына сай жүргізілген. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатына сендірді.

Айта кетейік, Жамбыл облысында қазіргі таңда жалпы қуаты 551,3 МВт құрайтын 22 жаңартылатын энергия көздерінің нысаны жұмыс істейді. Олармен осы жылдың 3 айында 214,7 млн кВт/сағ электр энергиясы өндірілді.

Жоспарға сәйкес, 2028 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің саны 28 нысанға (2,5 ГВт) дейін жетеді деп күтілуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support