- Advertisement -

Тарихи нысандарға тазалық жұмыстары жалғасуда

13

- Advertisement -

 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» атты екінші апталығы аясында облыстағы этно-мәдени және тарихи нысандардың төңірегіне, саябақ пен скверлердің аумағына тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін акция аясында Меркі ауданындағы Кенесары хан ескерткішінің айналасы толық абаттандырылды. Жалпыреспубликалық акцияға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, аудан әкімінің орынбасарлары Жорабек Баубеков пен Қайрат Арғынбаев және бірқатар мекеме қызметкерлері қатысты.

Былтыр ғана қайта реконструкциядан өтіп, салтанатты түрде ашылған еңселі ескерткіш аумағы күл-қоқыстан тазартылып, түрлі тал көшеттері отырғызылды.

Айта кетейік, ауқымы кең әрі берері мол бастама «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» деп, мән-маңызына қарай бес бірдей аптаға бөлінген.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support