- Advertisement -

Мәртебең биік болсын, журналистика!

17

- Advertisement -

Адам баласы өмірінде бірнеше құндылықтарды таңдаудан қателеспеуі қажет екен. Солардың бірі – мамандық таңдау. Өмірде мамандықтың түрі көп. Бірақ, әр жас азаматтың әрі кетсе екі мамандықпен ғана тиянақты айналысуға мүмкіндігі бар, әйтпесе, бір мамандықтың озаты болу – үлкен жетістік.

Мектеп оқушыларына мамандық таңдау жеңіл емес. Мен де сол мектеп бітірген жылы әбден қобалжыған болатынмын. Таңдауымды 8-9-сынып оқып жүргенде жасап қойсам да, болашағым үшін алаңдап, уайымға түскенім бар. Өз қалауыммен журналистиканы таңдадым. Ата-анам бұл шешімімді басында құптамаған болатын. Алайда, мен өз дегенімде тұрып, жоғары оқу орнына құжаттарымды тапсырып көрдім. Көп созбай, «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап…» дегендей, өз таңдауым мен қабілетіме сеніп талмай еңбектенуді, бойымдағы шығармашылық қабілетімді көрсетуді ұйғардым. Жүрегім осы мамандықты қалап, халық пен билік арасында жұмыс істеуді жөн санадым. Ата- анам да келісіп, құптады.

Себебі, журналистика – төртінші билік және халық пен қоғамды байланыстырушы үлкен сала. Бірақ, маған бұл мамандықтың атағы емес, атқаратын қызметі ұнайды. Жазу-сызуды енді бастап жүрсем де, қалам ұстаудың қиындығын түсініп қалдым. Бірақ, қиындықтың арғы жағында жақсылықтар да тұрған секілді. Журналист бола жүріп қаншама тұлғамен тілдесіп, белгілі адамдармен жүздесетінімді, халықтың мәселесін көтеріп, мақала жазуым қажеттігін ойласам бойыма бір қайсарлық бітеді. Қандай маман боларымызды болашақ көрсетеді.Соңғы тәжірибемді облыстық «Аq jоl» газетінде өткердім. Облыс баспасөзінің қарашаңырағындағы жұмыс процесі, ол жерде еңбек етіп жатқан ағалар мен әпкелер маған ерекше ұнады. Ол кісілерден көп нәрсе үйрендім, үйрене де бермекпін.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының айтқанындай «Пайда ойламай, ар ойлап» елге қызмет ету, елдегі түйткілдердің түйінін шешуге атсалысу – басты арманым.

 

Сұлтан НҰРТАЙ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті веб-журналистика мамандығының 4-курс студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support