- Advertisement -

Білімді азаматтарға қолдау

20

- Advertisement -

Спорттық бағдарламалау федерациясы облыстық білім басқармасымен және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен бірлесіп, «CPFED Zhambyl Olymp» бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада өткізді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – облыстың мамандандырылған емес орта мектептерінің 9-11- сынып оқушыларына бағдарламалаудан өз дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беру.

Жарысты өткізер алдында спорттық бағдарламалау федерациясы облыстың ауылдық жерлеріндегі және шағын қалаларындағы жалпы орта білім беретін мектептердің 9-11-сынып оқушыларын информатика және бағдарламалау бойынша олимпиадаларға қатысуға тегін оқыту және даярлау жобасын сәтті іске қосты. Бұл жоба бүкіл аймақ оқушыларына олимпиадаға қатысуға мүмкіндік берді.

Үздік нәтиже көрсеткен үздік үш қатысушыға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде оқуға гранттар мен жеңілдіктер берілді.

Бірінші орынға ие болған Ернұр Серікбай университетте 100 пайыз грантпен, екінші орын алған Эльдар Рахметов университетте 50 пайыз жеңілдікпен, үшінші орын алған Айдар Қоңырат колледжде 100 пайыз жеңілдікпен, Давид Веденичев колледжде 50 пайыз жеңілдікпен оқуға мүмкіндік алды.

 

Әлия ҚАЛИАЖДАРОВА,

«Спорттық бағдарламалау федерациясы» РҚБ жоба менеджері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support