- Advertisement -

Қылмыскерлерге қатаң жаза бар

13

- Advertisement -

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Жағыпар Исатаев журналистердің алдында баяндама жасады.

Жиында қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген тұлғаларға қатысты сөз болды. Департаменттің іздеу жұмыстарының нәтижелері бойынша әңгіме өрбіткен тергеуші экономикалық қылмыстардың алдын алу, анықтау және тергеу қойылған мақсаттарына сәйкес, Департаменттің өндірісінде болған қылмыстық істер бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген адамдарды іздеу шараларына тоқталып өтті.

– Былтырғы іздеу шаралардың нәтижесінде Департаментпен қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген 5 азамат анықталды.

Өткен жылы ақпан айында Шымкент қаласында 310 миллион теңге көлемінде картоптың элиталық тұқымын алуға арналған субсидияларды жымқыру бойынша қылмыстың ұйымдастырушысы ұсталды. Сол жылдың мамыр айында қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабындағы 4-бөлімімен сотқа жіберілді,– дейді Жағыпар Қожахметұлы.

Сондай-ақ, ол өткен жылда 21 миллион теңгеден аса көлемде тамшылатып суаруға арналған субсидияларды жымқырған 2 тұлғаның орналасқан жерлері анықталып, қылмыстық ісі сотқа жіберілгендігін жеткізді.

Былтыр қыркүйек айында 153 миллион теңге көлемінде салық төлеуден жалтару дерегі бойынша күдіктінің орналасқан жері анықталып, сол жылдың қазан айында қылмыскерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 245-бабындағы 2-бөлігімен шара қолданылған.

Спикердің сөзіне сүйенсек, былтыр желтоқсан айында іздеу шараларының нәтижесінде тағы бір күдікті анықталған. Мектепке дейінгі білім беру саласына мемлекеттік бюджеттен бөлінген 11 миллион теңгеден аса қаражатты жымқыру дерегі бойынша қылмысқа қатысы бар тұлға ұсталып, осы жылдың қаңтар айында оның ісі сотқа жіберілген.

– Осы наурыз айында Алматы қаласында жалпы құны 6,7 миллион теңге тұратын 38 тонна бензинді Қырғызстанға заңсыз шығаруды ұйымдастырған азамат ұсталды. Сонымен қатар, шынайы өкінуіне немесе шығынды өтеуіне байланысты қылмыстық жауаптылығынан босатылды,– дейді баяндамашы.

Барлық кәсіпкерлер мен азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, заңды негізде жұмыс істеуге, салықты адал төлеп, ресми өнім өндіретін басқа да кәсіпкерлер мен өндірушілерді құрметтеуге шақырамыз.

 

Нұржан ӘЛІШ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support