- Advertisement -

МЕРКІДЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ОЙНАДЫ

14

- Advertisement -

Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес 20 наурыз Меркі ауданы білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында сағат 12:00-де домбырашылар бір мезетте күй ойнады.

Әр уақытта Наурызда өткізілетін мерекелік іс-шаралар, халықтық мерекелер, ұлттық ойындар домбыраның күмбірлеген үнімен сүйемелденеді. Музыка, әсіресе домбыраның күмбірлеген үні барлық ұлттарды жалпы адамдық құндылықтар – толеранттылық, төзімділік, бірлікке үндеп, бір арнаға тоғыстырады.

Өскелең ұрпақтың өз тарихы мен өнерін үйренуге деген ұмтылысы мен қызығушылығын оятады.

Домбыра – мәдениетіміздің негізгі символдарының бірі, ұлттық құндылығымыз. Біздің оқушыларымыз, балабақшаның кішкентай тәрбиеленушілері ұлттық аспапта ойнауға белсенділік танытқаны қуантады.

Бүгін домбыраның шанағынан төгілген үн еліміздің әр өңірінде әуеледі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support