- Advertisement -

Жамбыл облысында мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 93,6 пайызды құрайды

22

- Advertisement -

«Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Мирас» аймақтық кеңесінің отырысы өтті. Жиында облыстағы мемлекеттік тілдің бизнес пен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданылу аясы қаралды.

Айта кетерлігі, облыста қазіргі тілдік ахуал қазақ тілінде сөйлейтіндердің басымдығымен сипатталады. Мәселен, мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 93,6 пайызды құрайды. Дейтұрғанмен бұл көрсеткіш облыс тұрғындарының еркін жазып, сөйлей алатын деңгейге жеткенін білдірмейді. Соңғы халық санағының қорытындысы бойынша тұрғындардың 74 пайызы мемлекеттік тілді толық меңгерген. Іс жүзінде қазір этнос өкілдерінің өзара сөйлесу тілі – орыс тілі. Өзге этностар арасындағы қазақ тілін меңгеру деңгейі 77 пайызды құрап отыр.
Бүгінгі таңда балабақшаларда мемлекеттік тілде тәрбиеленушілердің саны 90,1 пайызға жеткен. Облыстағы таза қазақ тіліндегі мектептер саны артып, 327-ге жетсе, орыс тілінде білім беретін мектеп саны 15-тен 4-ке азайған.
Кеңес отырысында өңірдегі тіл оқыту орталықтарынддағы бірқатар олқылықтар айтылып, жөнге келтіру туралы ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар атауларының бейберекетсіз жазылатыны да күн тәртібіне шығарылып, басқарма басшысына ұсыныстар жеткізілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support