- Advertisement -

2,5 миллион теңгенің мотор майын ұрлау дерегі бойынша 4 адамды ұсталды

20

- Advertisement -

Жамбылдық полицейлер 2,5 миллион теңгенің мотор майын ұрлау дерегі бойынша 4 адамды ұстады.

Орын алған осы қылмыс туралы Шу ауданының полиция бөліміне ірі компаниялардың бірінің өкілдері хабарласқан.

Іске қатысы бар тұлғалардың айтуынша, олар түннің қараңғылығын пайдаланып, ұрлық жасау мақсатында кәсіпорынның қоймасына жасырын кіріп, «Газель» маркалы автокөлігімен 7 бөшкедегі 200 литр мотор майын алып кеткен. Содан кейін олар қаланың ішінде ұрланған майды сатып, ақшаны өзара бөліскен.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның егжей-тегжейлі мән-жайын анықтау мақсатында барлық қажетті тергеу шараларын жүргізуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support