- Advertisement -

Таразда қоғамдық көліктер жаңартылды

20

- Advertisement -

Тараз қаласы халқының жиі көтеретін мәселесі – қоғамдық көліктердің жайы еді. Биыл тасымалдаушы мекемелер есебінен 70 бірлік жаңа автобус алу жоспарланған. Соның 24-і қалаға кеше жеткізіліп, пайдалануға берілді.

Бұл автобустардың 10-ын «СапарТранс-2012» жауапкершілігі шектеул і серіктестігі жеткізді. Бұлар Қыт ай мемлекеті арқылы өндірілген Yutong маркалы автобустар, ұзындығы 9,5 метр, жалпы сыйымдылығы 80 адамды құрайды, оның 27 орны отыруға арналған. Бұл автобуст ар «Дамрус» жауапкершілігі шектеул і серіктестігі қызмет көрсеткен № 40 бағыттағы ескірген автобустарды алмастырады. А л, 14 автобусты «Smart City Servise» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеткізді. Өзбекстанда өндірілген Isuzu маркалы бұл автобустардың ұзындығы 9 метр, жалпы 70 адамға арналған, 25 орындығы бар. Бұлар 12 бірлігі бұрын тоқтап қалған №41 маршрутты қайт а қа лпына келтіретін болады. Айта кетейік, №41 бағыт К.Әзірбаев көшесі, Гидрокешен, Қолбасшы Қойгелді көшесі, Абай даңғылы, Теміржол вокзалы, Ықылас Дүкенұлы, Лермонтов, Сейфуллин, әл-Фараби көшелері арқылы қалалық аурухана, қан орталығына дейін жолаушы тасымалдайды. Ал, қалған 2 автобус аталған серіктестік қызмет көрсететін №8, 9, 56, 41 бағыттарға резерв ретінде қолданылмақ.

– Естеріңізде болса, пандемия кезінде №41 бағыт тоқтап қалған болатын. Енді осы жаңа автобустармен қайта қызметін жалғастыратын болды. Алдағы аптада тағы 10 жаңа автобус келеді. Жыл соңына дейін қоғамдық көліктердің қатарын тағы 5 автобус толықтырады, – деді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков.

Автопарктердегі жылжымалы құрамдарды жаңарту жұмыстары бойынша өткен жылы 73 бірлік жаңа автобус жеткізілген болатын. «Автобус паркі-2020» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ZHONG TONG» ма ркалы дизель отынымен жүретін 20, мет ан отынын қолдануға арналған 20, жалпы 40 автобусты несие арқылы алған. «ӘулиеатаТрансПасс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ZHONG TONG» маркалы 3, «ПАЗ» маркалы 5, «ZHONG TONG» маркалы дизель отынымен жүретін 7, метан отыны қолданылатын 8, жалпы 23 автобусты да несиемен алған. «Smart City Servise» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы алған 10 автобус «Golden Dragon» маркалы болатын.

Жолаушылар көлігі тасымалын жандандыру, жетілдіру және тұрғындарды қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленген. Жоспарға сәйкес, үш жыл көлемінде 120 аялдама орнату қажет. Сондай-ақ, кемінде 200 автобус сатып алу қажеттілігі де туындап отыр. Бұған қоса жаңа 15 жолаушылар бағытын ашу да керек.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support