- Advertisement -

Елімізде етті мол асатын өңір — Жамбыл, ал нанды көп жейтіндер Түркістан облысында тұрады

22

- Advertisement -

Ұлттық статбюро 2023 жылдың ІV тоқсанында жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну көлемі жөніндегі деректерді жариялады,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz  сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Әр отбасының азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығынының көлемі қатты өзгермеген.

Ондағы шығынның ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (17.4%), нан мен жармаға (8%), сондай-ақ, сүт өнімдеріне (5,4%) тиесілі.

Аймақтар арасында жекелеген азық-түлік өнімдерінің тұтынылуын салыстыратын болсақ, нан мен жарма өнімдерін ең көп тұтынатындар Түркістан облысында тұрады — 44,1 кг (тоқсанына жан басына шаққанда).

Ет және ет өнімдері бойынша Жамбыл облысындағылар — 25,8 кг, балық өнімдерін ШҚО, БҚО және СҚО тұрғындарының дастарханынан жиі табуға болады — бір адамға шаққанда тоқсанына 5,2 кг, көкөніс бойынша Түркістан облысындағылар — 23,8 кг, жемістер алматылықтар арасында — 22,1 кг, ал тәттілер Ұлытау облысында — 14,4 кг көп тұтынылған.

Соңғы бес жылдағы деректерді алып қарасақ, ет пен балық тұтыну көрсеткіші жыл сайын ІV тоқсанда, ал көкөніс пен жеміс тұтыну ІІІ тоқсанда көбейетінін байқауға болады.

/фото ашық дереккөзден алынды

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support