- Advertisement -

Мекеме басшысы әйелдер қауымын құттықтады

50

- Advertisement -

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Бағдат Байтуреев ұжымдағы нәзік әріптестерін мерекемен құттықтады.

Б.Байтуреев әйелдер қауымының қоғамдағы әйелдер қауымының рөлі ерекше екенін атап өтіп, қиындығы мол салада абыройлы қызмет атқарып жүрген әйел-аналарға ризашылығын білдірді.

— Жауапкершілігі зор, жүгі ауыр ҚАЖ саласында сіздер ер азаматтармен қатар абыроймен қызмет атқарып жүрсіздер. Ару-аналарымыз саланың дамуына өлшеусіз үлес қосып, белсенділік танытып келесіздер, — деген мекеме басшысы заңға бағынатын, заңды сыйлайтын қоғам қалыптастыру баршаның міндеті екенін тілге тиек етті.

Өз кезегінде нәзік жандылар ұжымдағы барлық ер жігіттерге алғысын білдіріп, қашанда арқа сүйер азаматтарының амандықтарын тілейтіндіктерін жеткізді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support